Ең алғаш дауыс берушілерге сыйлық табысталды
Конституциялық реформаға байланысты өз таңдауын жасаған қала тұрғындарының бірі Ислам Ахметұлы Қазақ ұлттық өнер университетінде орналасқан №310 сайлау учаскесінде өз таңдауын жасаған.
«Ел тағдырындағы елеулі өзгерістен шет қалуды азаматтық арыма сын деп санадым, біз еліміз әлі де дамып, мемлекетіміздің іргесі нығая түседі деп сенеміз» деді ол.
Оның айтуынша, аталған сайлау учаскесіне ТМД елдерінен келген халықаралық байқаушылар да ат басын тіреп, республикалық референдумге оң бағасын беріп, дауыс берудің әділ, ашық өтіп жатқанына ризашылығын білдірген.
Ерлан МАЗАН
-->Конституциялық реформаға байланысты өз таңдауын жасаған қала тұрғындарының бірі Ислам Ахметұлы Қазақ ұлттық өнер университетінде орналасқан №310 сайлау учаскесінде өз таңдауын жасаған.
«Ел тағдырындағы елеулі өзгерістен шет қалуды азаматтық арыма сын деп санадым, біз еліміз әлі де дамып, мемлекетіміздің іргесі нығая түседі деп сенеміз» деді ол.
Тәуелсіз байқаушылар таңғы сағат 06:00-ден бастап өз жұмысына кірісті. Ең алғашқы дауыс берген азамат-азаматшалардың сайлау құқықтарын тұңғыш рет жүзеге асырып, арнайы құттықтап, оларға сыйлық табыстадық, – дейді №310 учаскелік референдум комиссиясының төрағасы Ләззат Мұханбетқызы.