Саясат

12 өңірдегі 8 мыңнан астам учаскеде дауыс беру басталды

Оның айтуынша, сағат белдеулерінің шекарасына байланысты Ақтөбе, Атырау, Батыс Қазақстан, Қызылорда және Маңғыстау облыстарында дауыс беру жергілікті уақыт бойынша 07.00-де, яғни, астана уақытымен 08.00-де басталады. Жалпы республика бойынша 10 012 референдум учаскесі құрылған. Оның ішінде 52 шет мемлекеттегі 65 учаске бар.

 

-->

Облыстық, республикалық маңызы бар қалалар, елорда комиссиялары өкілдерінің мәліметтеріне сәйкес, астана уақытымен сағат 07.00-де 12 өңірдегі 8 089 учаскеде дауыс беру басталды. Қазақстан Республикасының 10 шет мемлекеттегі 12 учаскесінде де дауыс беру жүріп жатыр. Аумақтық комиссиялар қабылдаған шешімге сәйкес, Конституциялық заң аясында 36 учаскеде дауыс беру таңертеңгі алтыда басталды, - деді Константин Петров.

Оның айтуынша, сағат белдеулерінің шекарасына байланысты Ақтөбе, Атырау, Батыс Қазақстан, Қызылорда және Маңғыстау облыстарында дауыс беру жергілікті уақыт бойынша 07.00-де, яғни, астана уақытымен 08.00-де басталады. Жалпы республика бойынша 10 012 референдум учаскесі құрылған. Оның ішінде 52 шет мемлекеттегі 65 учаске бар.

Кеше сағат 18.00-де дауыс беру құқығына арналған есептен шығару куәлігін беру аяқталды. Республика бойынша барлығы 21 465 куәлік берілді. Дауыс беру құқығына ие азаматтардың тізімінде 11 722 536 азамат бар, - деді ол.