Бас прокуратура «тыныштық» күні туралы айтты
Үндеуде үгіт-насихатқа тыйым салынған уақытта бұл іс-шаралар жүргізілген жағдайда ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің (ӘҚБтК) 102-бабы бойынша жауапкершілік ескерілген.
Оның сөзіне қарағанда, Конституцияға (83-бап) сәйкес, прокуратура органдары референдумға дайындық пен оны өткізудің барлық сатыларында заңдылықтың сақталуына жоғары қадағалауды қамтамасыз етіп отыр.
Аталған мәселелерді ескере отырып, Бас прокуратура құқық бұзушылықтардың алдын алу мақсатында азаматтарды, қоғамдық бірлестіктер мен бұқаралық ақпарат құралдарын қолданыстағы заңнаманы қатаң сақтауға шақырды.
-->

«Екі немесе одан да көп рет немесе басқа біреу үшін дауыс беру, сондай-ақ учаскелік референдум комиссиясы мүшесінің азаматтарға өзге адамдар үшін дауыс беруге мүмкіндік жасау мақсатында бюллетеньдерді беру әрекеті ӘҚБтК-нің 108 және 110-баптары бойынша жауаптылыққа әкеп соғатынына да назар аударамыз», - дейді Бас прокурордың орынбасары.