Саясат

Референдум әрбір азаматқа ел тағдырын шешуге қатысуға мүмкіндік береді – сенатор

Сенатор жұмыс сапары барысында Президенттің конституциялық реформаларын талқылауға және биыл 5 маусымда өтетін республикалық референдумның маңызына ерекше назар аударды.

Кездесуде сондай-ақ Конституцияға енгізілетін түзетулер және олардың қазақстандықтардың өміріне қалай әсер ететіні егжей-тегжейлі талқыланды.

Кездесуге ауыл тұрғындары, мемлекеттік қызметкерлер, ЖШС еңбек ұжымдары мен шаруа қожалықтары қатысты. Сонымен қатар тұрғындарды сумен қамтамасыз ету, кентішілік жолдарды жөндеу, ұялы байланыс пен интернеттің болмауы сияқты өзекті мәселелер де көтерілді.

-->

Конституцияны бүкілхалықтық референдум арқылы өзгерту – ол Президенттің халыққа және оның ерік-жігеріне деген сенімінің айқын көрінісі. Референдум әрбір азаматқа ел тағдырын шешуге қатысуға мүмкіндік береді және жан-жақты демократияландыру мен Жаңа Қазақстанды құру жөніндегі бағытымызды нығайтады. Жаңа Қазақстан – бұл үнемі өзгеріп отыратын әлемде біздің жалпыұлттық ерекшелігімізді нығайтудың жолы, - деп атап өтті Ольга Перепечина. 