Саясат

Қазақстан Қырғызстанға әскери көмек көрсетеді

Қазақстан сенаторлары қабылдаған шарттарға сәйкес, Қазақстан Қырғызстанға әскери техника мен атыс қаруын үшінші тарапқа беруге және ТМД елдеріне қарсы пайдалануға тыйым сала отырып, бірреттік жеткізуді қамтамасыз етеді.

Құжатқа сәйкес, Қазақстан тарапы Қырғыз Республикасының Койташ елді мекеніне дейін автомобиль көлігімен әскери мүлікті жеткізу жөніндегі шығыстарды қамтамасыз етеді. Қырғыз тарапы алынған әскери мүлікті тек қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін пайдаланады, үшінші тарапқа бермейді және ТМД-ға қатысушы мемлекеттерге қарсы пайдаланбайды.

Нәзира Қайыржан, 

Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ

Журналистика және саясаттану факультетінің 2-курс студенті 

-->

Орталық Азия өңірінің іргелес аудандарындағы қауіпсіздік саласындағы күрделі жағдай жағдайында, сондай-ақ өңірлік қауіпсіздікке төнетін сын-тегеуріндер мен қатерлердің өсуіне байланысты әскери-техникалық көмек көрсету Қырғызстанның қарулы күштерінің осы қатерлерге тойтарыс беру және бүкіл Орталық Азия өңірінің қауіпсіздігін нығайту жөніндегі мүмкіндіктерін күшейтуге мүмкіндік береді, - делінген ҚР Қорғаныс министрінің орынбасары Сұлтан Камалетдиновтың баяндамасында.

Құжатқа сәйкес, Қазақстан тарапы Қырғыз Республикасының Койташ елді мекеніне дейін автомобиль көлігімен әскери мүлікті жеткізу жөніндегі шығыстарды қамтамасыз етеді. Қырғыз тарапы алынған әскери мүлікті тек қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін пайдаланады, үшінші тарапқа бермейді және ТМД-ға қатысушы мемлекеттерге қарсы пайдаланбайды.

Мүлік тізімі анықталып, дипломатиялық арналар бойынша келісілді. Оның ішінде қару-жарақ пен оқ-дәрілер бар. Сонымен қатар, әскери дайындық және кадр мәселелері бойынша жұмыстар жүргізілуде. Бүгінгі таңда екі тараптан 300 мыңнан астам әскери қызметші Қазақстанда оқып, басқа да іс − шараларға қатысты, - деп нақтылады министрдің орынбасары.

Нәзира Қайыржан, 

Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ

Журналистика және саясаттану факультетінің 2-курс студенті