Конституциялық реформа азаматтардың елді басқару ісіне қатысу мүмкіндігін арттырады – депутат
Бұл туралы депутат өзінің Facebook парақшасында жазды.
-->Бұл туралы депутат өзінің Facebook парақшасында жазды.
Педагогтардың статусын көтеру бойынша соңғы 3 жылда жасалған реформалардың нәтижесі жалақының едәуір көтерілуіне әкелгенін мұғалімдер нақты сезінді.
Сондықтан, қазіргі саяси реформалардың оңтайлы өзгерістерге бастау болатын тізбегіне ең жоғарғы сенім артып отырғандар да біздің ұстаздарымыз.
Осылайша, конституциялық реформа азаматтардың елді басқару ісіне қатысу мүмкіндігін арттыратынына және алдағы уақытта әлеуметтік әділеттіліктің орнауына түрткі болатынына ұстаздар қауымы қолдау білдіріп отыр.
Педагогтармен Ата Заңдағы жер және жер қойнауы, су, өсімдіктер мен жануарлар дүниесі, басқа да табиғи ресурстар халыққа тиесілі екені жайындағы норма нақты бекітілетінін талқыладық.
Бұл - тарихи әділдіктің орнауы.
Халық пен мемлекеттің билік арасындағы жауапкершіліктің ортақтасуы екенін түсініп отыр.
Аталған өзгерістер, келешек инвестициялық жобаларда жер қойнауы байлықтарын пайдалану бойынша халық атынан іске асырушы мемлекеттік биліктің позицияларын күшейтетіні анық. Жер байлығының төңірегіндегі тиімсіз келісімдер орын алмайтын болады, - деп жазды Мәжіліс депутаты Елнұр Бейсенбаев.