Саясат

Ата заңға енгізілген өзгерістер халықтың әл-ауқатын арттыруда маңызды рөл атқарады - депутат

Әлеуметтік қолдау әрі тең қоғам құру принципін ұстанатын параспортшылардың алдағы өзгерістерден күтетіні көп.

-->

Әлеуметтік қолдау әрі тең қоғам құру принципін ұстанатын параспортшылардың алдағы өзгерістерден күтетіні көп.

- Конституция  – мемлекетте заң билігін жүргізетін, халықтың құқығын қорғайтын ең басты құжат.

Соңғы 30 жылдағы конституциялық реформа – тәуелсіздік тарихындағы жаңа белес.  Мұның бәрі уақыт талабынан және қоғам сұранысынан туындап отыр. Өйткені аталмыш өзгерістер еліміздегі сайлау жүйесі, президент өкілеттілігін шектеу, жергілікті өзін-өзі басқаруды нығайтуға, сонымен қатар адам құқықтарын сақтау мәселелеріне бағытталған.

Осыған орай, Ата заңға енгізілген өзгерістер халықтың әл-ауқатын арттыру, тұрмысын түзеу, тың бастамаларды жүзеге асыруда маңызды рөл атқаратыны ақиқат.

Себебі, ашық саяси реформасыз, әділетті әлеуметтік қоғам құру мүмкін емес, - деді параспортшылармен кездесу барысында Мәжіліс депутаты Елнұр Бейсенбаев.