Саясат

Сатыбалды Дәулеталин: Референдум – ел болашағын айқындайтын бірегей мүмкіндік

Отырысты ашқан ҚРКФ төрағасы Сатыбалды Дәулеталин Конституцияға ұсынылып отырған өзгерістер туралы еңбеккерлерді хабардар етудегі, азаматтардың санасында ел болашағы үшін жауапкершілікті күшейтудегі кәсіподақ қозғалысының басты рөлін атап өтті.

Кәсіподақтар федерациясының төрағасы атап өткендей, Конституция – билік пен халық арасындағы келісім.

6 мамырда Кәсіподақтар федерациясында Республикалық штаб, ал барлық облыстарда оның аймақтық өкілдіктері өз жұмысын бастады.

Штаб қызметін тиімді үйлестіру мақсатында кәсіподақ көшбасшыларының барлық саладағы еңбек ұжымдарымен бірқатар кездесулер өткізуді көздейтін бірыңғай жұмыс жоспары бекітілді.

Бүгін онлайн отырысқа қатысушылар штабтардың бірқатар жұмыстарын қорытындылап, еңбек ұжымдарында конституциялық реформаны түсіндіру бойынша алдағы іс-шараларды белгіледі.

ҚРКФ Референдумды қолдау республикалық штабының жетекшісі, ҚРКФ төрағасының орынбасары Нұрлан Өтешев өңірлік штабтар арасындағы ақпарат алмасудың маңыздылығына тоқталды.

-->

Алдағы референдум – еліміз үшін маңызды қадам. Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясы еңбеккерлердің құқықтары мен мүдделерін қорғайтын ірі қоғамдық ұйым ретінде мемлекеттік саясатты қалыптастыруда халықтың еркін білдіруге бағытталған тәуелсіз жалпыхалықтық дауыс беруді өткізуге мүдделі. Референдум – халық үшін ел болашағын айқындайтын бірегей мүмкіндік екенін бәріміз түсінеміз, - деді С.Дәулеталин.

Кәсіподақтар федерациясының төрағасы атап өткендей, Конституция – билік пен халық арасындағы келісім.

Мемлекет басшысы атынан билік бұл қадамды халық өз еркін толыққанды білдіру мүмкіндігін алуы үшін, сол арқылы ең маңызды демократиялық құндылықтардың – азаматтардың құқықтары мен бостандықтарының дамуына жаңа серпін беруі үшін жасады. Бұл – Жаңа Қазақстанды құру жолындағы үлкен қадам, - деді ол.

6 мамырда Кәсіподақтар федерациясында Республикалық штаб, ал барлық облыстарда оның аймақтық өкілдіктері өз жұмысын бастады.

Штаб қызметін тиімді үйлестіру мақсатында кәсіподақ көшбасшыларының барлық саладағы еңбек ұжымдарымен бірқатар кездесулер өткізуді көздейтін бірыңғай жұмыс жоспары бекітілді.

Бүгін онлайн отырысқа қатысушылар штабтардың бірқатар жұмыстарын қорытындылап, еңбек ұжымдарында конституциялық реформаны түсіндіру бойынша алдағы іс-шараларды белгіледі.

ҚРКФ Референдумды қолдау республикалық штабының жетекшісі, ҚРКФ төрағасының орынбасары Нұрлан Өтешев өңірлік штабтар арасындағы ақпарат алмасудың маңыздылығына тоқталды.

Кәсіподақ мүшелері – әртүрлі мамандық иелерін тарта отырып, аймақтық штабтардың қызметі кәсіподақ ұйымдарының еңбек ұжымдарымен тиімді жұмысының көрсеткіші болып табылады. Алдағы екі апта ішінде біз бұл жұмысқа федерацияның барлық 16 мың бастауыш кәсіподақ ұйымының өкілдерін тартуды көздеп отырмыз, - деп жоспарлармен бөлісті Нұрлан Өтешев.