Тәуелсіз мемлекетіміздің жаңа кезеңіне қадам басқалы тұрмыз – Мәжіліс депутаты
Осы ретте ол Мәжіліс пен мәслихат депутаттарының рөлі күшейіп, суперпрезиденттік үлгіден күшті Парламенті бар президенттік басқару нысанына көшетінімізді, Конституциялық Сотты қалыптастырып, Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің рөлі нығая түсетінін атап өтті.
-->Конституцияның үштен біріне енгізілетін өзгерістер – халық пен мемлекеттің қарым-қатынасын одан әрі жақындата түседі. Тәуелсіз мемлекетіміздің жаңа кезеңіне қадам басқалы тұрмыз деу де артық болмас. Себебі осы референдум арқылы енгізілетін өзгерістер баршамызға ортақ жауапкершілік артқанымен, ортақ мақсатқа жетудің жаңа мүмкіндіктерін ашады, - деді мәжілісмен.
Осы ретте ол Мәжіліс пен мәслихат депутаттарының рөлі күшейіп, суперпрезиденттік үлгіден күшті Парламенті бар президенттік басқару нысанына көшетінімізді, Конституциялық Сотты қалыптастырып, Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің рөлі нығая түсетінін атап өтті.
Бір мандатты округтер бойынша Мәжіліс депутаттарын сайлау немесе мәслихат депутаттарының келісімімен облыс әкімдерін баламалы негізде тағайындау арқылы халыққа үлкен жауапкершілік жүктеледі. Осылайша жалпы саяси жүйені өзгерту арқылы Президент атаған Екінші Республиканы құруға қадам басамыз, - деді Адамбеков.