Саясат

Референдум күні – Қазақстанның болашағының негізін құрайтын күн

Оның айтуынша, еліміздің негізгі заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу жұмыстарының әрбір кезеңінде Президент қазақстандықтар өз өмірі мен балаларының өмірін соған сәйкес құруға тиіс болатын ең маңызды жаңалықтарға назар аударады. Бұл ретте жұмыс процесінің өзі қоғамдық пікірді ескере отырып құрылады.

-->

Конституцияға өзгерістер мен толықтыруларды қабылдау бойынша республикалық референдум өткізу туралы Жарлыққа қол қойылды. Қазақстан халқының конституциялық өзгерістер жобасына жалпы дауыс беруі 5 маусымда өтеді. Бұл туралы Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев өзі мәлімдеді. Мемлекет басшысының конституциялық реформаға және оның нақты халықтың қалауы негізінде жүзеге асырылуына көңіл бөліп отырғаны қоғам және билік арасындағы қарым-қатынастың түбегейлі өзгергенін көрсетеді, – деді Д. Тұрғанов.

Оның айтуынша, еліміздің негізгі заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу жұмыстарының әрбір кезеңінде Президент қазақстандықтар өз өмірі мен балаларының өмірін соған сәйкес құруға тиіс болатын ең маңызды жаңалықтарға назар аударады. Бұл ретте жұмыс процесінің өзі қоғамдық пікірді ескере отырып құрылады.

«Барлығына тең мүмкіндіктер болады. Әрбір адам өзінің қабілеті мен біліктілігіне қарай табысқа жетіп, қоғамда өз орнын таба алады... Біз мемлекеттік жүйені жетілдіреміз, қоғам мен билік арасындағы сындарлы диалогты қамтамасыз етеміз. Осылайша, біз Екінші Республиканы құрамыз», – деді Мемлекет басшысы Қазақстан халқына арнаған Жолдауында. Енді әрбір адам 5 маусымда референдумға келу арқылы өзінің болашақ жетістіктеріне алғашқы қадам жасай алады. Елдегі саяси модернизацияның нәтижесі «суперпрезиденттік» басқару түрінен ықпалды парламенті және есеп беретін үкіметі бар президенттік республикаға көшу» болмақ. Бұл модель еліміздегі демократиялық үдерістерді нығайтуға және биліктің барлық тармақтарының тиімділігін арттыруға арналған, – деп түйіндеді Мәжіліс депутаты.