Саясат

Қазақстанда «Ауыл аманаты» қосалқы бағдарламасы іске қосылды

Отырысқа облыс әкімдерінің орынбасарлары, кәсіпкерлер, ауыл шаруашылығы кооперативтерінің басшылары, мемлекеттік органдардың өкілдері қатысты. 

Вице-премьер ауыл тұрғындарының табысын арттыру жөніндегі пилоттық жобаның арқасында халықтың жұмыспен қамтылу деңгейі артып, тұрғындардың орташа табысының өскенін атап өтті. 

Жамбыл облысының әкімі Нұржан Нұржігітов пилоттық жобаны іске асырудың аралық қорытындылары туралы баяндады. Жобаға 2478 тұрғын қатысып, несие алған, сондай-ақ 25 елді мекеннен 11 жаңа ауыл шаруашылығы кооперативі іске қосылды – бұл облыстың 10 ауданында 11 пилоттық ауылдық округтің қызметі.

Жобаның негізгі мақсаты – ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерді жан-жақты қолдау, ауыл тұрғындарын аграрлық бизнеске барынша тарту, азық-түлік қауіпсіздігі және азаматтардың өмір сүру сапасын жақсартуға байланысты мәселелерді шешу.

Вице-премьер Жамбыл облысының оң тәжірибесін елдің өзге аймақтарына кеңейтудің маңыздылығын атап өтті.

«Ауыл аманаты» қосалқы бағдарламасы халықтың табысын арттыру бағдарламасы шеңберінде іске асырылатын болады.

-->

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев халықтың табысын арттыру мәселелеріне ерекше назар аударады. Бұл бағытта жүйелі жұмыстар жүргізіліп жатыр. Пилоттық жоба өзінің тиімділігін дәлелдеді. Ол жұмыспен қамту, табыс табудың жаңа мүмкіндіктерімен қатар өңірлік деңгейде азық-түлікпен қамтамасыз ету мәселелерін де шешеді, — деп атап өтті Ералы Тоғжанов. 

Жамбыл облысының әкімі Нұржан Нұржігітов пилоттық жобаны іске асырудың аралық қорытындылары туралы баяндады. Жобаға 2478 тұрғын қатысып, несие алған, сондай-ақ 25 елді мекеннен 11 жаңа ауыл шаруашылығы кооперативі іске қосылды – бұл облыстың 10 ауданында 11 пилоттық ауылдық округтің қызметі.

Жобаның негізгі мақсаты – ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерді жан-жақты қолдау, ауыл тұрғындарын аграрлық бизнеске барынша тарту, азық-түлік қауіпсіздігі және азаматтардың өмір сүру сапасын жақсартуға байланысты мәселелерді шешу.

Пилоттық жобаның бірінші кезеңін жүзеге асыру нәтижесінде әрбір отбасының табысы орта есеппен 4 есеге артты. Жеке кәсіпкерлер саны 2282-ге өсті. 589 жаңа жұмыс орны құрылды. Атаулы әлеуметтік көмек алушылар саны 65%-ға, жұмыссыздар саны 36%-ға азайды. Біздің есептеуіміз бойынша, жобаны іске асырудың бес жылында экономикалық тиімділік 14,9 млрд теңгені құрайды, — деді Нұржан Нұржігітов. 

Вице-премьер Жамбыл облысының оң тәжірибесін елдің өзге аймақтарына кеңейтудің маңыздылығын атап өтті.

Ол үшін әрбір азамат ортақ іске елеулі үлес қосуы қажет. Ең бастысы кез-келген ауыл тұрғынына қолжетімді етіп, жобаларды шағын инвестициялармен жүзеге асыруға мүмкіндік беру. Осындай жобалар арқылы біз ауыл халқының табысын арттырамыз. Бұл жобаны «Ауыл аманаты» деп атауды ұсынамыз, — деді Ералы Тоғжанов.