Саясат

Әли Бектаев: «Жаңа Қазақстан» – мемлекетті басқаруға белсенді қатысатын азаматтық қоғам

-->

Президент халқымыз үшін тағдыршешті мәселені жалпыхалықтық референдум арқылы шешуді ұсынып отыр. Бұл заңдық, саяси теңдік, тіпті ұлттық қауіпсіздік тұрғысынан алғанда ең дұрыс, әрі әділ шешім деп ойлаймын. Расында да «Жаңа Қазақстан» тұжырымдамасын сөз бұйдаға айналдырмау керек. Еліміздің әрбір азаматы бұл тұжырымдаманың негізгі философиясын ұғына білуі, сезіне білуі тиіс. Бұл үшін билік тарапынан ғана емес, қоғамдық күштер мен азаматтық институттар тарапынан да нақты қадамдар жасалуы тиіс, – деді депутат Әли Бектаев.