Саясат

Конституцияға түбегейлі сипаттағы өзгерістер енгізуге бастама көтердім – Тоқаев

-->

Мен Конституцияға түбегейлі сипаттағы және елдің саяси жүйесін түбегейлі өзгертетін өзгерістер енгізуге бастама көтердім. Біз жаңа мемлекеттік модельге, мемлекет пен қоғам арасындағы өзара іс-қимылдың жаңа форматына көшіп жатырмыз. Бұл сапалы ауысуды Екінші республика деп атауға болады. Жұмыс тобы негізгі заңның 33 бабына түзетулер дайындады, ал бұл бүкіл Конституцияның үштен бірі. Бұл өзгерістерді енгізу туралы заң жобасы Конституциялық кеңеске берілді, ол жақын арада өз үкімін шығарады, – деді Президент Қазақстан Халқы ассамблеясының XXXI сессиясында сөйлеген сөзінде.