Өзге этностардың Қазақстан дамуына қосқан үлесін мемлекеттік тілде насихаттау керек – Президент
Сондай-ақ, Президент ассамбеляның қоғам дамуындағы оң үдерістердің бастауында жүргенін атады.
-->Мәдениетіміз әралуан екенін көрсететін ерекше ақпаратты әзірлеу қажет. Соның ішінде, қазақ тілді аудиториямен жұмыс жүргізген жөн. Қазақ тілді аудиторияның ауқымы кеңейіп жатыр. Бұл – жағымды, оң үрдіс. Қазақстанды дамытуға өзге этностардың қосып жатқан үлесін мемлекеттік тілде насихаттау маңызды. Біз осы бағытта жұмыс істейтін ақпарат құралдарын барынша қолдауымыз керек, – деді Мемлекет басшысы Қазақстан халқы Ассамблеясының ХХХІ сессиясында.
Сондай-ақ, Президент ассамбеляның қоғам дамуындағы оң үдерістердің бастауында жүргенін атады.
Ассамблея мемлекет пен азаматтық қоғам арасында табысты серіктестік орнатудың жақсы үрдісін қалыптастырды. Этномәдени бірлестіктер – осының айқын көрінісі, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.