Саясат

Халқымыз қаңтар қасіретінен сабақ алуы керек – Тоқаев

ҚР Президенті қазір қатерлі күндер артта қалғанына назар аудартты.

-->

Ассамблея сессиясын Қазақстан халқының бірлігі күні қарсаңында өткізу игі дәстүрге айналды. Мұның зор символдық мәні бар. Бірлік, татулық және бейбітшілік – біздің мызғымас құндылықтарымыз. Оның айрықша маңызды екенін қаңтар оқиғалары кезінде айқын сезінді, – деп атап өтті Мемлекет басшысы.

ҚР Президенті қазір қатерлі күндер артта қалғанына назар аудартты.

Сол кезде қандай қауіппен бетпе-бет келгенімізді уақыт өткен сайын ұғына түсеміз. Шын мәнінде, біз мемлекеттілігімізді жоғалтып ала жаздадық. Халқымыз қаңтар қасіретінен сабақ ала білуі керек. Енді ондай жағдай қайталанбауы үшін қолдан келгеннің бәрін жасауға тиіспіз. Алда көп жұмыс бар, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.