Саясат

Халықтың табысын арттыру бағдарламасының жетекшілері белгілі болды

Оның сөзінше, халыққа қатысты бағдарламадағы нақты жобаларға қоғамға танымал, елдің ішінде өзіндік орны бар азаматтар жетекшілік етеді.

-->

«Халықтың табысын арттыру» бағдарламасы Үкімет қаулысымен бекітілді. Құжатта Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлының Жаңа Қазақстанды құру идеясына сәйкес азаматтардың әл-ауқатын арттыру, табыс тапшылығын жою, жұмыс орындарын құру міндеттерін шешу жолдары қамтылған, – деді Е. Тоғжанов.

Оның сөзінше, халыққа қатысты бағдарламадағы нақты жобаларға қоғамға танымал, елдің ішінде өзіндік орны бар азаматтар жетекшілік етеді.

Эльдар Жұмағазиев – қоғам қайраткері, ауыл адамдарының табысын арттыруға жол ашатын «Ауыл табыс көзі» жобасына жетекшілік етеді. Саясат Нұрбек – Парламент Мәжілісінің депутаты, жастарды экономикаға қажетті кәсіптерге баулуға бағытталған «Мамандығым – болашағым» жобасына жауап береді. Алмас Жали – «Креативті индустрия» бағытына жетекшілік ететін болады. Эмин Әскеров – әлеуметтік кәсіпкерлікті дамыту бағыты бойынша жұмыстарды жүргізеді. Ырза Тұрсынзада – қоғам қайраткері, көпбалалы аналарды жұмысқа тарту бағыты бойынша «Бақытты отбасы» жобасын Нұр-Сұлтан қаласында іске асырады. Рахым Ошақбаев – қоғам қайраткері, бағдарламаны ақпараттық сүйемелдеу жұмыстарына жетекшілік етеді, – деді ол.