Саясат

Мәжіліс төрағасы Тұңғыш Президент туралы Заң қашан күшін жоятынын айтты

«Конституциядағы экс-президент туралы норма бұрынғы президентке қандай құзыреттер береді?» деп сұрады БАҚ өкілдері.


 

 

-->

Конституцияға енгізілетін өзгерістер қазір Конституциялық кеңесте. Президент арнайы жиын өткізгенін білесіздер. Сол жиында бәрін талқылап, жұмыс тобының есебін тыңдады, содан кейін Конституциялық кеңеске жіберді. Конституциялық кеңес сол жобаны жариялады. Жұмыс тобы қандай баптар ұсынып отырғанын жақсы білесіздер. Соның ішінде қазір сіз сұрап отырған бап Елбасының мәртебесі туралы ғой. Бұл жерде Елбасының мәртебесі, артықшылықтары алынып тасталды. Тек қана осы мемлекеттің негізін қалаушы деген тарихи рөлі ғана сол конституцияда қалды. Ал бұл норма қабылданғанннан кейін Тұңғыш Президент туралы конституциялық заң күшін жояды деп күтілуде, - деді Мәжіліс спикері БАҚ өкілдеріне баспасөз алаңында берген сұхбатында.

«Конституциядағы экс-президент туралы норма бұрынғы президентке қандай құзыреттер береді?» деп сұрады БАҚ өкілдері.

Біріншіден, ар-намысы мен абыройын қорғауға құзырет береді. Екіншіден, әлеуметтік жағынан қорғау, зейнетақысы бар, көлігі бар, күзеті бар, осы мәселелерді қамтамасыз ету мемлекет тарапынан. Осындай құзырет беріледі, - деді Ерлан Қошанов.