Демократиялық қоғамға саяси плюрализм қажет – Оразханов
Оның пікірінше, саяси плюрализм мен көппартиялы жүйе азаматтардың талап-тілегін билікке жеткізуге жағдай жасайды. Көппартиялы ортада азаматтардың саяси белсенділігі артып, азаматтық қоғам құру процесі жеделдейді.
Сондай-ақ партияның елордалық филиалы төрағасы Мемлекет басшысының құқық қорғау институтын күшейтуді тапсырғаны да оң бастама болғанын атап өтті.
-->Өз басым Жолдауда көтерілген сайлау жүйесін жетілдіру мәселесі заман талабынан туындады деп ойлаймын. Жасыратыны жоқ, ел азаматтары сайлауға немқұрайлы қарайды, өйткені сайлаудың әділ өтетініне күмән келтіреді. Мәселені оңтайлы орайластыру үшін Президент мәслихат пен мәжіліске мажоритарлы сайлау жүйесін енгізу міндетін жүктеді. Осы ретте императивті мандат енгізілетініне назар аударуымыз керек. Императивті мандат дегеніміз – сайлауалды үгіт-насихат кезінде берген уәдесін орындамаған халық қалаулылары депутаттық мандатынан айырылады деген сөз. Осы бастама абсентеизмді азайтып, азаматтардың сайлауға қатысуын, оған деген қызығушылығын арттырады, – деді Н.Оразханов.
Оның пікірінше, саяси плюрализм мен көппартиялы жүйе азаматтардың талап-тілегін билікке жеткізуге жағдай жасайды. Көппартиялы ортада азаматтардың саяси белсенділігі артып, азаматтық қоғам құру процесі жеделдейді.
Сондай-ақ партияның елордалық филиалы төрағасы Мемлекет басшысының құқық қорғау институтын күшейтуді тапсырғаны да оң бастама болғанын атап өтті.
Соңғы уақытта елімізде тұрмыстық зорлық-зомбылық белең алып кетті. Бірқатар азаматтың конституциялық құқығы тапталған фактілер де тіркелді. Осындай келеңсіздіктердің алдын алу мақсатында Президент құқық қорғау институтын күшейтуді тапсырды. Бұл бастама халқымыздың күш құрылымдары мен сот билігіне деген сенімін нығайтуға ықпал етуге тиіс, – деді Н.Оразханов.