Елордада құқық қорғау институттарын нығайту тақырыбында дөңгелек үстел өтті
Аталған шараға «Қазақстан заңгерлер одағы» ҚБ атқарушы директоры Әбдікәрім Ақжанов, «Қорғау» халықаралық медиация және келіссөздер академиясы» қоғамдық қорының президенті Әсел Сайлаубай, Нұр-Сұлтан қаласы ІІБ әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау бөлімінің аға инспекторы Гүлмира Шрахметова, «Сарыарқа» заң консультанттарының заң орталығы» ҚБ төрағасының орынбасары Инна Янкова, Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «Үміт» дағдарыс орталығы» КММ директорының орынбасары Шынар Какимова және партия мүшелері қатысты.
Қазақстан Халық партиясы ҚБ Астана қалалық филиалы төрағасының орынбасары Еламан Елеместің сөзінше, конституциялық кеңеске азаматтар шағымдана алмайды.
Құқық қорғау институттарының рөлін күшейту тежемелік және тепе-теңдік жүйесін, Конституцияда көрсетілген азаматтардың құқықтарын қорғауды институционалды түрде нығайтуға мүмкіндік беретін әділетті және құқықтық мемлекет құрудағы маңызды қадам.
Сонымен қатар халықтың құқықтық сауаттылығын арттырудың маңыздылығы, осы бағытта жасалған жұмыстын әлеуметтік желіде таратылуын жақсарту қажеттілігі сияқты тақырыптар көтерілді.
Нұр-Сұлтан қаласы Полиция басқармасының әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау бөлімінің аға инспекторы Гүлмира Шрахметованың сөзінше, отбасы-тұрмыстық қатынастар саласындағы құқыққа қарсы әрекеттер – 4890.
Дөңгелек үстел соңында қатысушылар азаматтық қоғамның құқық қорғау институттарының жұмысындағы көзқарасты өзгерту, атап айтқанда, жүргізіліп жатқан жұмыстарды жарнамалауды жақсарту, олардың арасындағы ынтымақтастық байланыстарын нығайту және халықтың құқықтық сауаттылығы мен азаматтық белсенділік деңгейін арттыру қажет деген ортақ пікірге келді.
-->Аталған шараға «Қазақстан заңгерлер одағы» ҚБ атқарушы директоры Әбдікәрім Ақжанов, «Қорғау» халықаралық медиация және келіссөздер академиясы» қоғамдық қорының президенті Әсел Сайлаубай, Нұр-Сұлтан қаласы ІІБ әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау бөлімінің аға инспекторы Гүлмира Шрахметова, «Сарыарқа» заң консультанттарының заң орталығы» ҚБ төрағасының орынбасары Инна Янкова, Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «Үміт» дағдарыс орталығы» КММ директорының орынбасары Шынар Какимова және партия мүшелері қатысты.
Қазақстан Халық партиясы ҚБ Астана қалалық филиалы төрағасының орынбасары Еламан Елеместің сөзінше, конституциялық кеңеске азаматтар шағымдана алмайды.
Президент Жолдауының алтыншы бағытында құқық қорғау институттарының рөлін арттыру бойынша бастама көтерді. Конституциялық кеңес бар, бірақ азаматтарымыз оған шағымдана алмайды. Балама ретінде азаматтардың конституциялық құқықтары тапталып жатса, конституциялық сот құру қажеттігін атап өтті. Одан кейін азаматтардың сот жүйесіне сенімін арттыру мақсатында алқа соттардың рөлін арттыру маңызын айтты. Дегенмен, осы мәселелердің көлеңкесінде отбасылық зорлық-зомбылық сияқты тақырыптар айтылмай қалды. Яғни біз Қазақстан Халық партиясының Астана қалалық филиалы ретінде қаламызда болып жатқан сондай жайттарға алаңдаушылық білдіріп, осындай дөңгелек үстел ұйымдастырып отырмыз, - деді Е. Елемес.
Құқық қорғау институттарының рөлін күшейту тежемелік және тепе-теңдік жүйесін, Конституцияда көрсетілген азаматтардың құқықтарын қорғауды институционалды түрде нығайтуға мүмкіндік беретін әділетті және құқықтық мемлекет құрудағы маңызды қадам.
Сонымен қатар халықтың құқықтық сауаттылығын арттырудың маңыздылығы, осы бағытта жасалған жұмыстын әлеуметтік желіде таратылуын жақсарту қажеттілігі сияқты тақырыптар көтерілді.
Ол халықтың құқықтық сауатсыздығы ғана емес, азаматтардың «құқық» және «міндет» сөздерінің мағынасын шатастырып жатқанын мәлімдеді. Сондай-ақ ол отбасы негізгі құқық қорғау институты екенін және ата-аналар мен мектеп оқушыларымен ақпараттандыру жұмыстарын жүргізу қажет, - деді «Қорғау» халықаралық медиация және келіссөздер академиясы» қоғамдық қорының президенті Әсел Сайлаубай.
Нұр-Сұлтан қаласы Полиция басқармасының әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау бөлімінің аға инспекторы Гүлмира Шрахметованың сөзінше, отбасы-тұрмыстық қатынастар саласындағы құқыққа қарсы әрекеттер – 4890.
Өтініш бергендердің 90 пайызы әйелдер. Зорлық-зомбылық құрбандарына, әйелдерге де, ерлерге де түрлі қолдау көрсететін үкіметтік емес ұйымдардың жұмысына тоқталып өтті, - деді Г. Шрахметова.