Саясат

Өзбекстан «Бессмертный полк» акциясынан бас тартады

Бұл туралы Өзбестанның «Миллий тикланиш» демократиялық партиясының жетекшісі Алишер Кадыров мәлімдеді.

Оның айтуынша, адамзаттың фашизмді жеңуіне өзбек халқы да өз үлесін қосты.

 

-->

Бұл туралы Өзбестанның «Миллий тикланиш» демократиялық партиясының жетекшісі Алишер Кадыров мәлімдеді.

Бұл акция – Кеңес Одағы саясатын насихаттаудың құралы, көрші елдің «жұмсақ күші». Біз мұндай шерулерге қарсымыз, – деп жазды Кадыров өзінің Телеграм-арнасында.

Оның айтуынша, адамзаттың фашизмді жеңуіне өзбек халқы да өз үлесін қосты.

Ата-бабаларымыздың бостандық үшін күресте жаулап алушылар мен деструктивті националистерге қарсы қалай соғысқанын ешқашан ұмытпаймыз. Алайда Отан үшін қаза тапқан аталарымыздың фотосуреттерін көшеге алып шығып, бәзбіреулердің саяси құралына айналдырғымыз келмейді. Оның орнына ардагерлердің рухына, әруақтарға Құран бағыштағанымыз дұрыс, – деді ол.