Саясат

Нұр-Сұлтан мен Сеул арасында тікелей әуе қатынасы ашылуы мүмкін

Әңгімелесу барысында Дәурен Абаев биыл екі ел арасында дипломатиялық қатынастардың орнағанына 30 жыл толып отырғанын айтты. Осы жылдар ішінде Корея Республикасы Қазақстанның сауда-экономикалық және ғылыми-техникалық салалардағы негізгі әріптестерінің бірі саналады. Елдер арасындағы мәдени-гуманитарлық байланыстар жыл сайын нығайып келеді.

Мәдениет және спорт министрлігі мен Корея Республикасы Мәдениет, туризм және спорт министрлігі арасындағы спорт саласындағы ынтымақтастық туралы меморандумға қол қою мәселесін қарау ұсынылды.

Өз кезегінде Ку Хонг-сок екі ел арасындағы өзара қарым-қатынастардың әлеуетін жоғары бағалап, бірлескен жобаларды іске асыруға қызығушылығын танытты. 

-->

Бүгінгі таңда біздің елдеріміз арасында уақыт сынынан өткен тығыз қарым-қатынас орнаған. Біз мәдени-гуманитарлық салаларды қоса алғанда, көптеген бағыттар бойынша ынтымақтастық жүргіземіз. Өзара іс-қимыл арналарын кеңейту үшін Нұр-Сұлтан мен Сеул арасында тікелей әуе қатынасын іске қосу, сондай-ақ Пусанда Қазақстанның Бас консулдығын ашу мәселесі пысықталып жатыр», - деді Ку Хонг-сок.