Қазақстанның үш мемлекеттегі жаңа елшілері тағайындалды
Төлежан Тұрсынұлы Барлыбаев Қазақстан Республикасының Словак Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі болып тағайындалды, ол Қазақстан Республикасының Хорватия Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі лауазымынан, Қазақстан Республикасының Босния және Герцеговинадағы, Черногориядағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметін қоса атқарудан босатылды;
1970 жылы 26 қарашада Теміртау қаласында дүниеге келген. Ресей мемлекеттік гуманитарлық университетін бітірген.
Еңбек жолын радиода бастады. 1993 жылдан бастап СІМ Орталық аппаратында Баспасөз, мәдени ынтымақтастық және ЮНЕСКО істері басқармасының референті ретінде болды. ҚР-дың Украина, Польша мен Нидерландтағы елшіліктерінде жұмыс істеді. Еуропа және Америка департаментінің бөлім бастығы, ҚР Сыртқы істер министрі хатшылығының бөлім бастығы қызметтерін атқарды, сондай-ақ ҚР Сыртқы істер министрі хатшылығын басқарды. 2007-2012 жылдары және 2014-2016 жылдары ҚР Президент Әкімшілігінің Сыртқы саясат орталығында жұмыс істеді.
Қазақстанның Словакиядағы Елшісі болып тағайындалғанға дейін Хорватиядағы ҚР Елшісі болған.
II сыныпты Төтенше және Өкілетті Уәкіл дипломатиялық дәрежесіне ие.
Алтай Ибрагимұлы Әбибуллаев Қазақстан Республикасының Хорватия Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі лауазымына тағайындалды;
1974 жылы 23 қаңтарда Қызылорда облысында дүниеге келген. Варшава университетін бітірген.
Өзінің дипломатиялық қызметін 1997 жылы Ақпараттық талдау және СІМ Сыртқы саяси іс-шараларды жоспарлау басқармасының референті ретінде бастады. СІМ Екіжақты ынтымақтастық департаментінде, Еуропа және Америка департаментінде әртүрлі лауазымдарды атқарды. Қазақстанның Польша, Аустрия мен Хорватиядағы елшіліктерінде жұмыс істеді. СІМ Халықаралық ақпарат комитетінің төрағасы, ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің ресми өкілі, ҚР Байланыс және ақпараттандыру агенттігі төрағасының орынбасары, «Конфессияаралық және өркениетаралық диалогты дамыту жөніндегі Н.Назарбаев орталығы» КЕАҚ-тың басқарма төрағасы лауазымдарда қызмет атқарды. 2016-2017 жылдары Қазақстанның Польшадағы Елшісі болды.
Қазақстанның Хорватиядағы Елшісі лауазымына тағайындалғанға дейін СІМ-нің Ерекше тапсырмалар жөніндегі елшісі болды.
І сыныпты Кеңесші дипломатиялық дәрежесіне ие.
Алмат Дәкібайұлы Айдарбеков Қазақстан Республикасының Молдова Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі лауазымына тағайындалды.
1974 жылы 16 шілдеде Алматы қаласында дүниеге келген. Анкара университеті мен Карнеги-Меллон университетін бітірген.
Өзінің дипломатиялық мансабын 1998 жылы СІМ-нің Төртінші департаментінің Азия, Таяу Шығыс және Африка басқармасының референті ретінде бастаған. Қазақстанның Түркия, Ұлыбритания мен АҚШ-тағы елшіліктерінде жұмыс істеді.
2014-2019 жылдары ҚР Президенті Әкімшілігінің Сыртқы саясат орталығында жұмыс істеді, сондай-ақ ҚР ПӘ Сыртқы саясат және халықаралық байланыстар бөлімінің сектор меңгерушісі болды.
Қазақстанның Молдовадағы Елшісі болып тағайындалғанға дейін 2019 жылдан бастап Нью-Йорк қаласындағы ҚР Бас консулы болды.

-->Төлежан Тұрсынұлы Барлыбаев Қазақстан Республикасының Словак Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі болып тағайындалды, ол Қазақстан Республикасының Хорватия Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі лауазымынан, Қазақстан Республикасының Босния және Герцеговинадағы, Черногориядағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметін қоса атқарудан босатылды;