Саясат

Жұрт жүрегінен шыққан Жолдау

Дөңгелек үстел басында өткен талқыны Қазақстан Жазушылар одағы Нұр-Сұлтан қалалық филиалының директоры Дәулеткерей Кәпұлы жүргізді.

Осыдан кейін қаламгерлер кезек-кезек сөз алып, Жолдаудағы жарқын түйіндерге тоқталды.

Қалалық Тілдерді дамыту және архив ісі басқармасына қарасты Руханият мекемесінің басшысы Мейрамғазы Сапарғалиев сөз кезегінде  Жолдаудың ұлттық иедологияны қалыптасыруға да тың тебін қосатынын айрықша атап, бүкіл ел халқының бұл Жолдаудан үлкен үміт күтіп отырғанын жеткізді.

Қалиакбар Үсемхан

-->

Дөңгелек үстел басында өткен талқыны Қазақстан Жазушылар одағы Нұр-Сұлтан қалалық филиалының директоры Дәулеткерей Кәпұлы жүргізді.

Мен жақында Жолдауды жұрт өте жылы қабылдағанына куә болып қайттым. Қызылжарда Ғабит Мүсіревтің 120 жылдығына, Сафуан Шәймерденовтің 100 жылдығына, Кәкімбек Салықовтың 90 жылдығына орай арнаулы конфернция өтті. Ертесіне аламан айтысқа кезек берілді. Сол айтыста Жүрсін Ерман ағамыз ақындарды алда құрылатын Абай облысының, Ұлытау облысының ақыны деп сахнаға шақырған кезде халықтың дүркіретіп шапалақ соғып отырғанынан-ақ олардың көңіл түкпіріндегі ерекше бір қуанышын көргендей болдық.  Демек, Жолдау жұртқа ұнады. Ал онда айтылған партиялардың мүмкіндіктерін теңестіру мәселесі де біздің елдің демократиялық бағытқа жасаған маңызды қадамы деп ойлаймын. Президенттің ешқандай партияға тәуелді болмай, дербес болуы да билік жүйесіндегі тың бұрылыс. Ал кейбір облыстардың қайта ашылуы иен қалған шекараларымызды қайта халыққа толтыруға мүмкіндік береді. Жалпы жолдау бүкіл ел халқына жаңа үміт сыйлады. Ендігі мәселе Жолдауда айтылған түйіндерді рет-ретімен жүзеге асыруға байланысты, - деді ол.

Осыдан кейін қаламгерлер кезек-кезек сөз алып, Жолдаудағы жарқын түйіндерге тоқталды.

Бұл еліміздің тарихындағы дамудың жаңа белесіне өтудің жолын көрсеткен тарихи Жолдау болды. Бұрын көптеген реформалар қағаз жүзінде ғана қалып қоятын. Ал бұл Жолдаудың бағыт-бағдары, мақсат-міндеті айқын. Президент ел дамуының халық көңілінен шығатын түйіндерді айырықша атап, оны саяси тұрғыдан сенімді түрде нақтылап берді. Қоғамды басқарудың демо­кратиялық жаңашыл үрдісіне батыл қадам басуды жедел жүзеге асыру­дың маңыздылығына ден қойды. Жоғары өкілдік билікке, сайлау жүйе­сіне халық сенімінен шығып, беде­лін арттыратын міндеттерді жүк­теді. Ел Президентінің жоға­ры билікті саяси жағынан рефор­ма­лау­дың қажеттігі пісіп жетілген­дігі жөніндегі пайымы халық қолдауын табатыны сөзсіз. Авторитарлық жүйенің қоғамды рухани, әлеумет­тік және экономикалық жағынан тоқыратқан келеңсіздіктерінің салдарынан түбегейлі арылмайынша, Қазақ елінің сындарлы болашағы болмайтынын Мемлекет басшысы өзінің Жолдауында бұлтарыссыз айтты. Бұл – халық санасын оятатын, жігерлендіретін сөз. Қысқасы бұл аты-затына сай жаңа Қазақстанды құруға үлкен септігі тиетін Жолдау, – деді жазушы, Халықаралық «Алаш» сыйлығының лауреаты Мәди Айымбетов.