Қазақстанның Азаматтық Альянсы Президент Жолдауын талқылады
Аталған шараға Ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі Данияр Қадыров, «Қазақстанның Азаматтық Альянсы» ЗТБ президенті Бану Нұрғазиева, Еуропалық құқық және адам құқықтары сараптамалық институтының директоры Марат Бәшімов, «Қазақстанның Азаматтық Альянсы» ЗТБ вице-президенті, «Серпін» Ұлттық білім беру және инновациялар палатасының президенті Мұрат Әбенов және Қазақстанның Азаматтық альянсының өңірлік көшбасшылары мен үкіметтік емес ұйымдар ZOOM арқылы онлайн форматта қатысты.
Ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі Данияр Қадыровтың айтуынша, жаңартылған құрамдарды қалыптастыру кезінде белсенді ҮЕҰ өкілдерін, партиялар мен азаматтық белсенділерді барынша тарту қамтамасыз етіледі.
Өз кезегінде Альянс президенті Бану Нұрғазиева алаңның жұмысын аша отырып, Мемлекет басшысының азаматтық қоғам институттарының рөлін күшейту қажеттілігі туралы сөздерін ерекше айтты.
Спикерлер «Саяси жүйені жаңғырту», «Өңірлік саясатты жетілдіру – жергілікті өзін-өзі басқаруды дамыту», «Азаматтық қоғам институттарының мемлекеттік органдармен ынтымақтастығы», «ҮЕҰ-ның заң шығару процесіне қатысуы» сияқты тақырыптарды талқылады.
-->Аталған шараға Ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі Данияр Қадыров, «Қазақстанның Азаматтық Альянсы» ЗТБ президенті Бану Нұрғазиева, Еуропалық құқық және адам құқықтары сараптамалық институтының директоры Марат Бәшімов, «Қазақстанның Азаматтық Альянсы» ЗТБ вице-президенті, «Серпін» Ұлттық білім беру және инновациялар палатасының президенті Мұрат Әбенов және Қазақстанның Азаматтық альянсының өңірлік көшбасшылары мен үкіметтік емес ұйымдар ZOOM арқылы онлайн форматта қатысты.
Ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі Данияр Қадыровтың айтуынша, жаңартылған құрамдарды қалыптастыру кезінде белсенді ҮЕҰ өкілдерін, партиялар мен азаматтық белсенділерді барынша тарту қамтамасыз етіледі.
Күні кеше, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев жаңа саяси реформалар арқылы еліміздің жарқын болашаққа қадам басып, өркендеуіне түрткі болатын «Халық бірлігі және жүйелі реформалар – Ел өркендеуінің берік негізі» атты Қазақстан халқына Жолдауын арнағаны белгілі. Осыған орай, бүгін Қазақстан Республикасы Президентінің өз Жолдауында берген тапсырмаларын жан-жақты талқылай отыра, оларды асқан тиімділікпен іске асырудың нақты жолдарын анықтаймыз. Жолдауда ұсынылған міндеттердің жүйелі, әрі сапалы түрде жүзеге асуына ортақтасып үлес қосатындарыңызға аса сенім білдіремін, – деді Д. Қадыров.
Өз кезегінде Альянс президенті Бану Нұрғазиева алаңның жұмысын аша отырып, Мемлекет басшысының азаматтық қоғам институттарының рөлін күшейту қажеттілігі туралы сөздерін ерекше айтты.
Елді біріктіріп, жасырын ресурстарды жұмылдыратын, халық пен Үкіметтің күш-жігерін шоғырландыру жолында азаматтық қоғамдастық маңызды рөл атқарады. Оның дәлелі қазақстандықтардың ел Президентінің «Жаңа Қазақстан: жаңару және жаңғыру жолы» Жолдауын оң қабылдауы болып келеді. Халқымыз Мемлекет басшысының бастамаларын қолдады, бұл сенім мен елдегі жағдайдың тұрақтануының көрсеткіші, – деп атап өтті Б. Нұрғазиева.