Саясат

Президент айтқан реформалар көңілге қуаныш ұялатты – Оксана Ушкевич

-->

Біз бірнеше жыл бойы әдемі сөздерге, ұрандарға үйреніп қалдық. Кеше Президент айтқан реформалар көңілге қуаныш ұялатты. Жаңа бастамаларды енгізу оны қағазға жазудан әлдеқайда қиынырақ. Осы мақсатта барлық мемлекеттік органдар жұмыс істеуге міндетті деп ойлаймын. Бизнес өкілдері еліміздегі сот жүйесі ашық емес екенін біледі. Осы ретте, жаңа реформалар бизнестегі кедергілерді болдырмауға, сондай-ақ ашық жұмыс істеуге мүмкіндік береді деген сенімдемін. Жалпы, бұл Жолдау бірнеше жылға арналған. Осы бағытта дұрыс қадамдар жасалады деп ойлаймын, - деді О. Ушкевич.