Саясат

Орталық Азияда алғаш рет CO2 ұстау бойынша конференция өтті

Мемлекет басшысы Жолдауында бұл бағытта байыппен жұмыс істеу қажеттігін алға тартты. Оның айтуынша, еліміздің тұрғындар саны да, экономикасы да өсіп келеді. Өсім сапалы болу үшін қуат көздері қажет.

Әлемдік сарапшылардың пікірінше, көміртектік бейтараптыққа қол жеткізу - көмір энергетикасынан түпкілікті бас тарту дегенді білдірмейді. Сөзсіз, көмір генерациясының үлесі сақталады. Бұл ретте, қоршаған ортаға, атмосфераға түсетін шығарындылар - көміртекті ұстау технологияларын (CCUS) енгізу есебінен азайтылатын болады.

CCUS технологияларын енгізу мүмкіндіктері, сондай-ақ оның артықшылықтары туралы халықаралық ұйымдардың сарапшылары айтып берді. Олардың қатарында «ICAP», «ЭЫДҰ», «Халықаралық энергетикалық агенттік», «JCCS», «CNPC», Азия даму банкі, Еуропалық Қайта Құру және даму банкі т. б. бар.

Қазақстан Парламенті Мәжілісінің депутаты Елдос Абақанов іс-шараны аша отырып, конференция тақырыбының өзектілігінің жоғары дәрежесін, сондай-ақ заңнамалық қолдау көрсетуге дайындығын атап өтті.

Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Климаттық саясат және жасыл технологиялар департаментінің директоры Олжас Ағабековтың айтуынша, көміртегі бейтараптығына қол жеткізу және CO2 шығарындыларын азайтуға бағытталған технологияларды енгізуде - ел өнеркәсібінің белсенді болуы маңызды.

Сондай-ақ CCUS технологиясын ілгерілету мен енгізудегі ұстанымымен Халықаралық энергетикалық агенттіктің өкілі Саманта МакКаллох бөлісті.

ЭЫДҰ-ның Орталық Азия бойынша SIPA өңірлік платформасының басшысы Жан-Франсуа Ленжелле Қазақстанның Орталық Азиядағы көміртегі бейтараптылығына қол жеткізу стратегиясын әзірлеумен айналысатын алғашқы мемлекет екенін атап өтті. Сондай-ақ, ол ЭЫДҰ Қазақстанға, әсіресе CCUS жобалары үшін тұрақты инфрақұрылымға инвестиция салуға және оларды жүзеге асыруда жәрдемдесуге дайын екенін білдірді.

Бұл бастаманы Азия даму банкінің, сондай-ақ Еуропалық қайта құру және даму банкінің өкілдері де қолдады.

Өз кезегінде «Халықаралық жасыл технологиялар және инвестициялық жобалар орталығы» КЕАҚ Басқарма төрағасының орынбасары Ерлан Тасбаев мұндай технологиялар экономиканың түрлі секторларында бәсекеге қабілетті болатынын және жаһандық «жасыл» транзит жағдайында Қазақстан үшін қосымша мүмкіндіктер ашатынын айтты.

Іс-шара қорытындысы бойынша тараптар Халықаралық жасыл технологиялар орталығының базасында көміртекті ұстау, сақтау және пайдалану технологияларын (CCUS) әзірлеу және енгізу мәселелерін талқылау үшін тиімді коммуникативтік алаңға айналатын жобалық кеңсе (құзыреттер орталығы) құруды ұсынды.

-->

Көзделген мақсаттарға қол жеткізу үшін Президент еліміздегі жасыл технологиялардың қолданыс аясын кеңейтумен айналысатын Халықаралық жасыл технологиялар орталығын құрды. Әлемдік климаттық күн тәртібіне сүйене отырып, Халықаралық жасыл технологиялар орталығы 2022 жылғы 10 наурызында алғаш рет CCUS технологияларын ілгерілету бойынша ғылыми-практикалық конференция ұйымдастырдыПікірталасқа металлургия, тау-кен, мұнай-газ, электр энергетикасы салаларындағы қазақстандық ірі кәсіпорындардың 200-ден астам өкілдері қатысты, олардың ішінде Арселор Миттл, Қазақмыс, Самұрық Қазына компаниялар тобы, Теңізшевройл және т. б. бар, – делінген хабарламада.

CCUS технологияларын енгізу мүмкіндіктері, сондай-ақ оның артықшылықтары туралы халықаралық ұйымдардың сарапшылары айтып берді. Олардың қатарында «ICAP», «ЭЫДҰ», «Халықаралық энергетикалық агенттік», «JCCS», «CNPC», Азия даму банкі, Еуропалық Қайта Құру және даму банкі т. б. бар.

Қазақстан Парламенті Мәжілісінің депутаты Елдос Абақанов іс-шараны аша отырып, конференция тақырыбының өзектілігінің жоғары дәрежесін, сондай-ақ заңнамалық қолдау көрсетуге дайындығын атап өтті.

Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Климаттық саясат және жасыл технологиялар департаментінің директоры Олжас Ағабековтың айтуынша, көміртегі бейтараптығына қол жеткізу және CO2 шығарындыларын азайтуға бағытталған технологияларды енгізуде - ел өнеркәсібінің белсенді болуы маңызды.

Зерттеулер көміртекті бейтараптыққа қол жеткізу үшін CCUS технологияларын қолдану қажет екенін көрсетті. Көміртекті бейтараптыққа қол жеткізу Доктринасына сәйкес, CCUS технологиясын қолдану жылу энергетикасындағы CO2 шығарындыларын 107,6 Мт, өнеркәсіпте 13,07 Мт қысқартуға мүмкіндік береді, сондай-ақ болат өндірісіндегі шығарындыларды 60%-ға, алюминий өндірісіндегі шығарындыларды 35%-ға, цемент өндірісіндегі шығарындыларды 48%-ға қысқартуға мүмкіндік береді, - деп толықтырды Олжас Ағабеков.

Сондай-ақ CCUS технологиясын ілгерілету мен енгізудегі ұстанымымен Халықаралық энергетикалық агенттіктің өкілі Саманта МакКаллох бөлісті.

Көміртегіні ұстау, кәдеге жарату және сақтау – бұл экономиканың маңызды секторларындағы шығарындыларды тікелей азайтуға және СО2 жоюға мүмкіндік беретін жалғыз технология...Көміртекті бейтараптылыққа қол жеткізу жөніндегі мақсаттар бұл технологиялардың бізге аса қажет екенін көрсетеді, - деп атап өтті спикер.