Саясат

Қасым-Жомарт Тоқаев Кореяның жаңадан сайланған Президентін құттықтады

Қасым-Жомарт Тоқаев Юн Сок Ёльді Корея Республикасының Президенті лауазымына сайлануымен құттықтап, елінің өркендеу жолында табысты қызмет етуіне тілектестік білдірді.

Қасым-Жомарт Тоқаев Юн Сок Ёльдің аса жауапты қызметіне лайым сәттілік және достас корей халқына толассыз құт-береке тіледі.

-->

Қасым-Жомарт Тоқаев Юн Сок Ёльді Корея Республикасының Президенті лауазымына сайлануымен құттықтап, елінің өркендеу жолында табысты қызмет етуіне тілектестік білдірді.

Еліңіздің баянды өркендеуін жалғастыруға, дүниежүзілік қауымдастықтағы беделін асқақтатуға бағытталған игі істеріңіз бен тың бастамаларыңыз әрдайым табысты болуына тілектеспін. Қазақстан мен Корея арасындағы дәстүрлі достық пен өзара қолдау рухында дамып жатқан кеңейтілген стратегиялық серіктестігімізді бүгіннен де биік белестерге көтеру мақсатында Сізбен күш-жігер жұмылдыруға дайын екенімді растаймын, - деп жазылған құттықтау хатта.

Қасым-Жомарт Тоқаев Юн Сок Ёльдің аса жауапты қызметіне лайым сәттілік және достас корей халқына толассыз құт-береке тіледі.