Саясат

Президент Украинадан ел азаматтарын алып шыққандарды марапаттауды тапсырды

Мемлекет басшысы бұл бағыттағы жұмыстарды оң бағалады. Әскери іс-қимылдар басталғалы бері 553 отандасымызға көмек көрсетіліп, оның 432-сі елімізге аман-есен жеткізілді. Азаматтардың көпшілігі құтқару шаралары үшін Президентке алғыс айтып жатыр.

-->

Дипломатиялық ведомствоның Украинадан ел азаматтарын эвакуациялау жұмыстары жалғасуда. Бүгін Мемлекет басшысы Қазақстан азаматтарын осы елден алып шығуға атсалысқан дипломаттарды, құрметті консулдарды, басқа да ведомство қызметкерлерін мемлекеттік наградалармен марапаттау үшін Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді мен Қазақстанның Украинадағы елшісі Дархан Кәлетаевқа ұсыныстар әзірлеуді тапсырды, – деп жазды Б.Уәли.