Amanat партиясының жұмыс тәсілдерін жаңғырта бастағаны құптарлық іс - Асхат Налшыбек
Партиядағы өзгерістер оның басшылығының қоғам пікіріне құлақ асқандығын және халықпен диалог орнату жұмысын одан әрі жандандыруға ниетті екенін көрсетеді. Енді партия мен саяси партиялар көбейеді деп ойлаймыз. Nur Otan партиясының партия мүшелерін сақтап қалуы және белсенді жұмыс істеуі үшін өз көзқарасын өзгертуі қажет. Кешегі қаңтар қасіреті мен бүгінгі Ресей-Украина арасындағы соғыстан кейін бәріміз де ел ахуалына алаң көңілмен қарайтын болдық. Бірінің тергеу қорытындысын, екіншісінің әлемдік пәтуасын күтіп отырмыз. Қазіргі кезде саяси басшылар түрлі мамандармен, жастармен, журналистермен халықтың барлық өкілдерімен тіл табыса алуы керек.
-->

Nur Otan қоғамды да, әлемді де дүр сілкіндірмей «Аманат» болып жаңғырды. Жақсы атаумен жаңарғанында да ізгі ниет, жоспар-жоба бар. «Аманат» партиясы өз ұстанымдары мен жұмыс тәсілдерін жаңғырта бастағаны құптарлық іс. Қазақ дүниетанымында «Аманат» сөзінің мағынасы өте терең әрі қастерлі. Еліміздегі басқарушы партияны осы сөзбен атау партия мүшелеріне үлкен жауапкершілік артады, - деді Асхат Бағдатұлы.