Саясат

Ұлыбританияның Қазақстандағы елшісі Сыртқы істер министрлігіне шақыртылды

Мәжілісте журналистер Сыртқы істер министрінің бірінші орынбасарына Қазақстанға қатысты санкциялар туралы сұрақ қойды.

Осы орайда ол Қазақстан жағы барлық мемлекетпен түсіндірме жұмысын жүргізіп жатқанын атап өтті.

-->

Мәжілісте журналистер Сыртқы істер министрінің бірінші орынбасарына Қазақстанға қатысты санкциялар туралы сұрақ қойды.

Ұлыбританияның парламентінде бір депутат сондай бір мәлімдеме жасаған. Біз Ресей мен Украина арасындағы қарама-қайшылықтарға тікелей қатысып отырған тарап емеспіз. Сондықтан аталған уәж бізге түсініксіз. Біз бүгін Ұлыбританияның елшісін Сыртқы істер министрлігіне шақырдық. Осы орайда ол бізге толық түсіндірме беруі тиіс, - деді Шахрат Нұрышев.

Осы орайда ол Қазақстан жағы барлық мемлекетпен түсіндірме жұмысын жүргізіп жатқанын атап өтті.

Қазақстанның Сыртқы істер министрі де түрлі халықаралық платформаларда сөз сөйлеп жатыр, - деді ол.