Саясат

Украинадағы қазақстандықтар бүгін елордаға ұшып келеді

Бұдан бұрын хабарланғандай, Катовице қаласында ҚР азаматтарының жиналуына қарай қосымша эвакуациялық рейстер жоспарланған.

Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі қазақстандық азаматтарды Украинадан отанына қайтаруды ұйымдастыру жұмысын жалғастыруда.

-->

Қазақстанның Польшадағы елшілігі азаматтарымыздың шекарадан өтуін қамтамасыз ету үшін Польша тарапынан шекарада дипломаттардың тәулік бойы кезекшілігін қамтамасыз етуде. «Air Astana» әуе компаниясының екінші эвакуациялық ұшағы Нұр-Сұлтан уақыты бойынша сағат 15.30-да Катовице-Атырау бағыты бойынша ұшып шықты. Атырауға техникалық қону қажеттілігінен кейін Нұр-Сұлтан қаласына ұшып келеді. Бортта 120 ересек және 4 бала бар, – делінген хабарламада.