Саясат

Қасым-Жомарт Тоқаев Nur Otan партиясының атауын өзгертуді қолдады

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Nur Otan партиясының атауын Amanat деп өзгертуді қолдады. 

Мәжіліс төрағасы, палатадағы Nur Otan фракциясының жетекшісі Ерлан Қошанов Nur Otan партиясының атауын Amanat деп өзгертуді ұсынған болатын.

-->

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Nur Otan партиясының атауын Amanat деп өзгертуді қолдады. 

Мен партиямызды ресми тұрде «Аманат» деп атауды толық қолдаймын. Қазір әлемдегі ахуал өзгеріп жатыр. Осындай аумалы-төкпелі заманда біз жаңа даму кезеңіне өттік. Барлығымыз «Жаңа Қазақстанды» құруға жұмыла кірісіп жатырмыз. Партия жаңа бастамаларға ұйытқы болуы тиіс. Сондықтан бүгінгі басты мәселе – партияның жаңғыртылуы. Осыған орай, саяси ұйымның атауын «Аманат» деп өзгерту ұсынылды. Бұл пікірталасқа мен де қатыстым. Бірнеше ұсыныстың ішінен «Аманат» деген атауға тоқтадық. Бұл – ұлт үшін де, халық үшін де қастерлі ұғым. Бұл мемлекеттілік пен ұрпақ жалғастығын көрсетеді, – деді Президент.

Мәжіліс төрағасы, палатадағы Nur Otan фракциясының жетекшісі Ерлан Қошанов Nur Otan партиясының атауын Amanat деп өзгертуді ұсынған болатын.