Саясат

Барлық қазақстандықтарды Украинадан алып шыққанша репатриация рейстерін орындаймыз – Питер Фостер

Сонымен қатар, ол қажет болса, алдағы уақытта репатриация рейстері тағы да ұйымдастырылатынын атап өтті.

Питер Фостер бүкіл халықты жинап, батыста шекарадан өту өте қиын екенін тілге тиек етті.

Оның айтуынша, әуе компаниясы қажет болған жағдайда 3, 4, 5 рейс ұйымдастыруға дайын.

Айта кетсек, 28 ақпан сағат 22.35-те 175 қазақстандық мінген «Эйр Астана» борты Алматы әуежайына келіп қонған еді.

-->

Елге оралғанымызға өте қуаныштымыз. Бізді қарсы алуға келгендеріңізге рақмет. Украинадан эвакуацияланған 175 жолаушымен бірге келдік, оның ішінде бір мысық пен бір ит бар, – деді спикер.

Сонымен қатар, ол қажет болса, алдағы уақытта репатриация рейстері тағы да ұйымдастырылатынын атап өтті.

Бүгін түскі уақытта шекарада кезекте тұрған жолаушыларды алып кету үшін екінші рейс аттанады. Барлығын сол жерден алып шыққанша репатриациялық рейстерді орындаймыз, - деді ол.

Питер Фостер бүкіл халықты жинап, батыста шекарадан өту өте қиын екенін тілге тиек етті.

Шекара мен Катовице әуежайында рейстерге қызмет көрсету және жолаушыларды жинау жүйесі барынша жеңілдетілген. Сондықтан жұмысымыз әрі қарай да оңды болады деп үміттенеміз, - деді Фостер.

Оның айтуынша, әуе компаниясы қажет болған жағдайда 3, 4, 5 рейс ұйымдастыруға дайын.

Біріншіден, біз бұл рейстерді Қазақстан азаматтары үшін орындаймыз. Елшіліктің мәліметінше, Украинада 2 мыңға жуық қазақстандық тіркелген, олардың қаншасы Украина аумағынан кеткісі келетінін нақты айта алмаймыз. Адамдардың шекарадан қаншалықты жылдам өтетінін де ескеру қажет. Онда кезек өте баяу қозғалады, - деп жауап берді әуе компаниясының президенті.

Айта кетсек, 28 ақпан сағат 22.35-те 175 қазақстандық мінген «Эйр Астана» борты Алматы әуежайына келіп қонған еді.