Саясат

Мемлекеттен қолдау алған кәсіпорындар жалақыны өсіруге міндеттеме алады – Үкімет басшысы

-->

Отандық кәсіпкерлікті дамыту үшін инвестициялық жобаларды іске асыру арқылы импорттық тауарларды орналастырудың маңызы ерекше. Бұл орайда мемлекеттен қолдау алған кәсіпорындар қызметкерлерінің жалақысын өсіруге міндеттеме алады. Аргоөнеркәсіп кешенінде мемлекеттік қолдаудың тиімділігін арттыру үшін субсидиялау жүйесінің жаңа тәсілдері әзірленіп жатыр. Қосымша ауыл шаруашылығы жерлерін айналымға енгізу арқылы ауыл шаруашылығы кооперациялары мен отбасылық шаруашылықтарды дамытуға жағдай жасалады. Бірінші кезекте ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеуге бағытталған жобалар басым түрде қолдауға ие болады, – деді Үкімет басшысы.