Саясат

Мәжілістегі бос депутаттық мандатты Саясат Нұрбекке беру туралы шешім қабылданды

 

 

-->

Бүгін Nur Otan партиясының Саяси кеңесі Бюросының қаулысымен 28 ақпанда Саяси кеңестің отырысын өткізу туралы шешім қабылданды. Онда партияның кезектен тыс XXII Съезінің күн тәртібі бекітіледі.

Сондай-ақ Саяси кеңес Бюросының қаулысымен Nur Otan партиясынан Парламент Мәжілісі депутатының бос мандаты партиялық тізім бойынша Саясат Нұрбекке берілу туралы шешім қабылданды.

Тиісті шешім ҚР Орталық сайлау комиссиясына жіберілді, – деп жазды Nur Otan партиясының атқарушы хатшысы Асхат Оралов facebook-парақшасында.