Саясат

Елордада Еуразиялық үкіметаралық кеңестің отырысы басталды

Отырысқа Армения, Беларусь, Қазақстан, Қырғызстан, Ресейдің үкімет басшылары және Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының төрағасы қатысуда. ЕАЭО-ның байқаушы мемлекеттері –Молдова, Өзбекстан және Кубаның қатысуы да жоспарланған. ЕҮАК отырысының шағын және кеңейтілген форматы ескерілген.

Бүгінгі кеңейтілген құрамдағы отырыстың күн тәртібіне Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердегі макроэкономикалық жағдайы және тұрақты экономикалық дамуды қамтамасыз ету жөніндегі ұсыныстар, ауыл шаруашылығы өнімдерін жеделдетілген контейнерлік теміржолдық тасымалдауды жүзеге асыру жөніндегі бірлескен жоба туралы, ЕАЭО кедендік аумағына әкелінетін тауарлардың бақылау тетігі туралы келісімін іске асыру жайында мәселелер және басқа да тақырыптар кіреді.

Айта кетейік, ҚР Премьер-министрі Әлихан Смайылов Еуразиялық үкіметаралық кеңес отырысы аясында Еуразиялық экономикалық комиссия алқасының төрағасы Михаил Мясниковичпен келіссөз жүргізген болатын.

-->