Саясат

Есіл ауданының әкімі Берік Жәкенов Elorda YouTube арнасына сұхбат берді

Әңгіме барысында қоғамды алаңдатқан кіші Талдыкөлдің келешегі айтылды.

-->

Әңгіме барысында қоғамды алаңдатқан кіші Талдыкөлдің келешегі айтылды.

Бұл мәселе – жіті назарымызда. Бір кездері «Ханшатыр» ойын-сауық орталығының айналасында шағын көл болған. Уақыт өтеді, елорда дамып жатыр. Әрине, кіші Талдыкөл көліне қатысты мәселе бар екені рас. Осыған орай, тұрғындарға айтарым, елорданың бас жоспарына сәйкес, Талдыкөлдің бастапқы бөлігі қалады. Қазіргі аумағы түгелдей қалады деп айта алмаймын. Егер бұлай қала берсе, ол бәрібір табиғи жолмен құрғап кетеді. Сондықтан бастапқы бөлігін қалдырған кезде біз жасанды су құю жағын қарастырып қоюымыз қажет.