Саясат

Алматы ауданының әкімі Ерлан Бекмұрзаев «El-Orda» YouTube арнасына сұхбат берді

Сұхбат барысында ол ауданның экономикалық ахуалы, газдандыру жүйесі, әлеуметтік осал топтарға және көпбалалы аналарға арналған жеңілдіктер туралы сөз қозғады.

-->

Сұхбат барысында ол ауданның экономикалық ахуалы, газдандыру жүйесі, әлеуметтік осал топтарға және көпбалалы аналарға арналған жеңілдіктер туралы сөз қозғады.

Жалпы ауданның экономикалық көрсеткіштері жақсы деуге болады. Өткен жылы пандемияға қарамастан шағын бизнеспен айналысатындардың саны өсті. Қала бойынша тіркелген 150 мыңға жуық бизнес өкілдері болса, оның 53 мыңға жуығы – біздің Алматы ауданында. Әрине, мейрамханалар, кафелер, сервистік қызметте жүрген кәсіпкерлердің барлығы пандемияның көп ауыртпалығын көрді. Одан бөлек, инвестициялық ахуалды жақсарту барысында екінші индустриалды парк құрылысы жоспарланып отыр. Бірінші индустриалды паркте 85 кәсіпорын өзінің жұмысын жалғастыруда. Оның 51-ге жуығы іске қосылған. Ал қалған зауыттар құрылыс сатысында, жобалық-сметалық жобалау барысында десек, енді біреулері жер телімін рәсімдеумен айналысып жатыр, – деді Е. Бекмұрзаев.