Сарыарқа ауданының әкімі Есет Байкен «El-Orda» YouTube арнасына сұхбат берді
Әңгіме барысында аудандағы жылыту жүйесі, газдандыру мен жарықтандыру сынды өзекті мәселелер қамтылып, жүзеге асып жатқан жобалар туралы айтылды.
-->Әңгіме барысында аудандағы жылыту жүйесі, газдандыру мен жарықтандыру сынды өзекті мәселелер қамтылып, жүзеге асып жатқан жобалар туралы айтылды.
Кезінде елорданың экологиялық жағдайын жақсарту үшін Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев ел астанасын газдандыруды тапсырған болатын. Осы мәселе жөнінде күн сайын Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгіновке газға қосылған жеке үйлер жөнінде есеп береміз. Қазіргі көрсеткіштерге келсек, аудандағы 520 тұрғын үй газбен қамтылды. Одан бөлек, 14 әлеуметтік-мәдени нысан бар. Жыл соңына дейін олар да газбен қамтылып, біртіндеп көк түтіннен арылатын боламыз, – деді Е. Байкен.