Үкіметте пайдалы қазбалар кен орындарын тексеру мәселесі жөнінде кеңес өтті
Үкімет жер қойнауын пайдаланушыларға берілген келісімшарттар мен лицензияларды қайта қарау бойынша жүйелі жұмыс жүргізуде. Осылайша, талдау барысында уәкілетті органдар міндеттемелерін дұрыс орындамай отырған қатты пайдалы қазбаларға қатысты 148 және көмірсутек шикізатына қатысты 27 келісімшартты анықтады.
Тиісті Жол картасы аясында тоқтату туралы тиісті хабарламалар жіберілетін шарттар мен лицензияларды анықтау жоспарлануда. Осы жұмыстардың нәтижесінде кен орындары жаңа инвесторларға беру үшін аукционға шығарылады. Аукционда жер қойнауын пайдалану құқығын ұсыну барлық мүдделі инвесторлардың қатысуына тең мүмкіндік береді.
Аукциондарды өткізу туралы ақпарат мемлекеттік органдардың республикалық баспа басылымдарында және интернет-ресурстарында міндетті түрде орналастырылады.
Қабылданып жатқан шаралардың қорытындысы бойынша жер қойнауын пайдалану саласына, бірінші кезекте қатты пайдалы қазбалар кен орындарын игеру бойынша инвестициялар ағыны ұлғаяды.
Үкіметтің осы бағыттағы жұмысы жалғастырылады.