Саясат

Сауда базарларындағы бағаны негізсіз көтеруге жол бермеу керек – Үкімет басшысы

Бүгінде өңірлер көкөніс өнімдерінің бағасын ұстап тұру үшін осы азық-түлік қорларын сата бастады.

Кеңес барысында инфляцияны бақылаудың кешенді шараларын қабылдау мәселесі қаралды. 2022-2024 жылдарға арналған Инфляцияны бақылау және төмендету шаралары кешенінің жобасы әзірленді, ол жедел және орта мерзімдік сипаттағы 66 іс-шараны қамтитын 5 бағыттан тұрады. Олар өнім өндіру көлемін ұлғайтуды, тауарларды сақтауды, логистикасын, тасымалдауды, тауарлардың бөлшек саудасын, баға белгілеуді бақылауды, монополияға қарсы және сыртқы сауданы реттеуді көздейді.

-->

Жекелеген көтерме-бөлшек сауда базарларында бағаны негізсіз көтеру байқалуда. Бұған жол бермеу керек. Себебі, бұл инфляция үрдістеріне ықпал етеді. Бұл салада мүмкін, қадағалау органымен бірге тәртіп орнату қажет. Жедел шаралардан басқа, өндірушілердің көтерме-бөлшек базарларына қолжетімділігін қамтамасыз ету бойынша нақты заңнамалық нормаларды белгілеудің жүйелі шараларын әзірлеу қажет, — деді Ә. Смайылов.