Саясат

«Ресей біздің жерімізге көз алартып жүрген жоқ па?»: Тоқаев жауап берді

Qazaqstan ұлттық арнасында Мемлекет басшысымен болған сұхбат барысында журналист Жайна Сіләмбек:

Президент екі ел арасында тату көршілік туралы келісім бар екенін айтты.

Бұдан соң Президент шынымен де кейбір ресейлік саясаткерлер тарапынан «Қазақстанның солтүстік облыстарындағы жерлер біздікі» деген сөздер айтылып жүргенін жеткізді.

-->

Qazaqstan ұлттық арнасында Мемлекет басшысымен болған сұхбат барысында журналист Жайна Сіләмбек:

Қазақстанның Ресеймен қарым-қатынасы қандай болуы керек? «Мәскеу біздің жерімізге көз алартып жүр, солтүстік облыстарды тартып алады» деген пікірлер де бар, – деді. 

Президент екі ел арасында тату көршілік туралы келісім бар екенін айтты.

Ресей – ғасырлар бойы қатар өмір сүріп келе жатқан құдайы көршіміздің бірі. Қазақтың тағдырына осылай жазылған. Мұны біз өзгерте алмаймыз. Саяси, сауда-экономикалық және мәдени байланыстарды нығайта беруіміз керек. Бұл, ең алдымен, Қазақстанның стратегиялық мүддесіне сай келеді, – деді ол.

Бұдан соң Президент шынымен де кейбір ресейлік саясаткерлер тарапынан «Қазақстанның солтүстік облыстарындағы жерлер біздікі» деген сөздер айтылып жүргенін жеткізді.

Бірден кесіп айтайын. Бұл – ақылға сыймайтын, орынсыз пікір. Кремль, әрине, бұл уәжді қолдамайды. Екі елдің басшылығы арасында жер мәселесіне қатысты ешқашан дау туындаған емес. Маған В.Путиннің өзі «жерге қатысты ешқашан мәселе көтермейміз» деп айтқан. Сондықтан алаңдайтын дәнеңе жоқ. Шекарамыз толық айқындалған, бекітілген. Бұл ақиқатты бүкіл әлем мойындайды. Екі елдің арасындағы байланыстарға сызат түспеген. Ресей Президенті осындай қағидаттарға адалдығын, беріктігін көрсетті, – деді Қ. Тоқаев.