QAZAQSTAN телеарнасынан Президенттің сұхбаты көрсетіледі
-->
Ертең, 17 ақпан күні сағат 20:30-да QAZAQSTAN ұлттық телеарнасынан Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың сұхбаты көрсетіледі. Президент сұхбат барысында қасіретті қаңтар оқиғасының себеп-салдары мен алдағы уақытта жүзеге асырылатын саяси және әлеуметтік реформалар, Қазақстанның сыртқы саясаттағы стратегиялық серіктестерімен қарым-қатынастарына, қабылдаған шешімдеріне қатысты сауалдарға жауап береді, – деп жазды Б.Уәли.