Әлихан Смайылов: Үкіметтің басты міндеті – халықтың табысын арттыру
Президенттің тарифтік жоспарлар жөніндегі тапсырмасын орындау аясында монополист операторлар мен делдалдар алып отырған тарифтер мен комиссияларға бір ай ішінде талдау жүргізіп, оларды қайта қарау немесе алып тастау жөнінде шешімдер дайындау тапсырылды.
Тауарлық және сұйытылған газ өндірісін ұлғайту, сондай-ақ мұнай-газ саласындағы инвесторлар үшін ынталандыру шараларын әзірлеу мақсатында Үкімет басшысы бір ай ішінде Үкіметке тиісті заңнамалық түзетулер топтамасын енгізуді тапсырды.
Сонымен қатар Министрлер кабинетінің басшысы ауруханалар салу бойынша мемлекеттік-жекеменшік әріптестік жобасының бірыңғай және оңтайлы нұсқасын әзірлеуді, шұғыл түрде «СҚ-Фармация» базасында медициналық техниканы бір орталықтан сатып алу, оның ішінде өндірушілерден бүкіл пайдалану мерзіміне сервис ұсына отырып, тікелей сатып алу мәселелерін пысықтауды тапсырды.
-->Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев еліміздің осы жылға арналған негізгі әлеуметтік-экономикалық даму басымдықтарын айқындап берді. Үкіметтің ең маңызды міндеттерінің бірі – халықтың табысын арттыру және жаңа жұмыс орындарын құру, — деді Ә. Смайылов.
Президенттің тарифтік жоспарлар жөніндегі тапсырмасын орындау аясында монополист операторлар мен делдалдар алып отырған тарифтер мен комиссияларға бір ай ішінде талдау жүргізіп, оларды қайта қарау немесе алып тастау жөнінде шешімдер дайындау тапсырылды.
Басқарушы компаниялардың жұмысы тиімсіз. Әлеуетті инвесторлар арнайы экономикалық аймақтарға кіру, қажетті инфрақұрылымның болмауы, басқарушы компаниялардың салғырттығы сияқты үнемі түрлі кедергілерге тап келеді, — деп Әлихан Смайылов, тексеріс жүргізіп, 1 наурызға дейін нақты ұсыныстар әзірлеуді тапсырды.
Тауарлық және сұйытылған газ өндірісін ұлғайту, сондай-ақ мұнай-газ саласындағы инвесторлар үшін ынталандыру шараларын әзірлеу мақсатында Үкімет басшысы бір ай ішінде Үкіметке тиісті заңнамалық түзетулер топтамасын енгізуді тапсырды.
Ресурстық базаны ұлғайту мәселесі өте өзекті болмақ. Негізгі басымдық – ішкі нарықты, оның ішінде кәсіпорындарды газдандыру, — деді Премьер-министр отырыс барысында.
Сонымен қатар Министрлер кабинетінің басшысы ауруханалар салу бойынша мемлекеттік-жекеменшік әріптестік жобасының бірыңғай және оңтайлы нұсқасын әзірлеуді, шұғыл түрде «СҚ-Фармация» базасында медициналық техниканы бір орталықтан сатып алу, оның ішінде өндірушілерден бүкіл пайдалану мерзіміне сервис ұсына отырып, тікелей сатып алу мәселелерін пысықтауды тапсырды.
Қазіргі жағдайда біз жұдырықтай жұмылып, нақты нәтиже көрсетуіміз қажет. Біздің басты міндетіміз – халықтың табысын арттыру және тұрмыс сапасын жақсарту. Сонымен қатар бәсекеге қабілетті және әртараптандырылған экономиканы дамытуға күш салуымыз қажет, — деді Ә. Смайылов.