Саясат

Қаңтардағы оқиғалар еліміздің әлеуметтік-экономикалық даму жоспарына түзетулер енгізді – Үкімет басшысы

-->

Қаңтар айында болған қайғылы оқиғалар еліміздің әлеуметтік-экономикалық даму жоспарына түзетулер енгізді. Әлеуметтік-экономикалық және қоғамдық-саяси жағдайды тұрақтандыру мақсатында осы жылдың басынан бастап сіз Үкіметке шұғыл және жүйелі 108 тапсырма бердіңіз. Бүгінгі таңда 44 тапсырма орындалды, – деді Әлихан Смайылов Президентке берген есебінде.