Ертең Мемлекет басшысының төрағалығымен Үкіметтің кеңейтілген отырысы өтеді
-->
Ертең, 8 ақпанда Мемлекет басшысының төрағалығымен Үкіметтің кеңейтілген отырысы өтеді. Жиын барысында еліміздің былтырғы әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындылары туралы есеп беріледі және Үкіметтің 2022 жылға арналған іс-қимыл жоспары қарастырылады, – деді Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли Facebook-тегі парақшасында.