Саясат

Тоқаев ҰҚШҰ бітімгерлерін шақыру себебін атады

Мемлекет басшысының айтуынша, ҰҚШҰ бітімгершілік контингентін тарту ұйымның шарттық құжаттарына сәйкес орындалған. Қазақстанға келген бітімгершілік контингенті бірде-бір оқ атқан жоқ. Басынан бастап бұл контингент стратегиялық объектілерді күзетеді деген келісім болған.

-->

Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымы біздің ортақ ұйымымыз. Қазақстан 1992 жылы бұл ұйымның қатысушысы ретінде оны құруға қатысты. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев тиісті бастама көтерген болатын. Естеріңізге сала кетейін, ұйым 1992 жылдың мамыр айында, шамамен 30 жыл бұрын құрылған. Яғни, ҰҚШҰ-ға өтініш білдіре отырып, мен бөтен адамдарға жүгінбедім, іс жүзінде  одақтастарыма жүгіндім, - деді Президент.

Мемлекет басшысының айтуынша, ҰҚШҰ бітімгершілік контингентін тарту ұйымның шарттық құжаттарына сәйкес орындалған. Қазақстанға келген бітімгершілік контингенті бірде-бір оқ атқан жоқ. Басынан бастап бұл контингент стратегиялық объектілерді күзетеді деген келісім болған.

Бітімгершілік контингентінің Қазақстанға келуі туралы хабардың өзі лаңкестерге қарсы жасалған маңызды психологиялық шабуыл болғанын да атап өткен жөн. Біріккен контингентте Ресейден басқа Беларусь, Тәжікстан, Армения және Қырғызстанның әскери бөлімдері болды, - деп қосты Қасым-Жомарт Тоқаев.