Президент қаңтар қасіретінің артында кімдер тұрғанын айтты
-->
Елдегі қаңтар қасіреті бойынша тергеу шаралары жүріп жатыр. Олардың нәтижелері толықтай анықталмаған кезде болжам жасау орынсыз. Жұмыс өте көп. Себебі, көптеген содырлар, оның ішінде олардың командирлері Алматыдан қашып кеткен. Біреулер ауылдық жерлерде жасырынса, екіншілері шекарадан өтіп, көрші республикаларға қашты. Олар сақалдарын қырып, сырт келбеттерін өзгерткендері де баршамызға анық. Егер олар тұтқындалса, «біз кездейсоқ өтіп бара жатқан адамдармыз» деп айқайлайтын фактілер де бар. Бірақ шындық міндетті түрде анықталады, - деді Мемлекет басшысы.