Атқарушы билік әлеуметтік-экономикалық ахуалдың нашарлауына жол берді – Тоқаев
Мемлекет басшысы өткен жылғы сайлаулардың қорытындысында «Nur Otan «халықтан сенімнің қажетті мандатын алғанын баса айтты.
-->Партия мемлекеттік органдардың жұмысын көшірмеуі тиіс. Мемлекеттік аппаратының қызметтері бір, партиянікі мүлдем бөлек. «Nur Otan» негізінен идеологиялық және кадрлық жұмыстармен айналысуы, қажет болған жағдайда мемлекеттік аппараттың жұмысын бағыттап отыруы керек, – деді ҚР Президенті.
Мемлекет басшысы өткен жылғы сайлаулардың қорытындысында «Nur Otan «халықтан сенімнің қажетті мандатын алғанын баса айтты.
Бірақ, атқарушы билік оны пайдалана алмады. Әлеуметтік-экономикалық ахуалдың айтарлықтай нашарлауына жол берді. Тапсырмалар, жоспарлар, міндеттер көбіне қағаз жүзінде ғана орындалды, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.