Саясат

Мәжіліс Еуразиялық экономикалық комиссияның бәсекелестік қағидаларына қатысты құжатты мақұлдады

Келісімге 2014 жылғы 12 қарашада Қазақстан Республикасы Ресей Федерациясымен және Беларусь Республикасымен бірлесіп қол қойды. Қырғыз Республикасы мен Армения Республикасы Келісімге кейінірек қосылды.

Оның айтуынша, ратификацияланатын Хаттама редакциялық сипаттағы өзгерістер енгізу арқылы Келісімнің мәтінін ЕАЭО туралы шартқа сәйкес келтіруге бағытталған. Осы орайда «тараптар» деген сөз «мүше мемлекеттер», «бірыңғай» деген сөз «жалпы», «қызметкерлер» деген сөздер «лауазымды адамдар мен қызметкерлер» деген сөздермен ауыстырылды.

-->

Еуразиялық экономикалық одақтың тұрақты жұмыс істейтін реттеуші органы ретінде Еуразиялық экономикалық комиссия құрылған сәттен бастап 10 жылға жуық уақыт өтті. Осы кезеңде Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттер үшін монополияға қарсы заңнаманы жетілдіру бөлігінде бірыңғай саясаттың жұмыс істеуі үшін қолайлы жағдайлар қамтамасыз етілді. Комиссия трансшекаралық нарықтардағы бәсекелестіктің жалпы қағидаларының сақталуын бақылау жөніндегі өз өкілеттіктерін іске асыру аясында өтініштерді қарау, тергеп-тексерулер жүргізу мен істерді қарау сияқты қажетті ақпаратты, оның ішінде мемлекеттік билік органдарынан, заңды және жеке тұлғалардан құпия ақпаратты сұратады әрі алады. Осы Келісім құпия ақпаратпен жұмыс істеу тәртібін реттейді және Комиссия қызметкерлерінің құпия ақпаратты алған кезде оны жария еткені үшін жауапкершілігін регламенттейді, - деді Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің төрағасы Серік Жұманғарин.